USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрынғы әйелі бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, кеше оқиғаға байланысты оған көптеген қоңырау түскен.

"Иә, бұл - сұмдық. Қоңыраулар келе бастағанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок", - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

"Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмағанымызға одан көп болды. Біз сирек араласатынбыз, тек балалар тақырыбында. Балаларға көмектесетін, араласатын, бірақ соңғы жылы өте сирек. Бұл - трагедия. Салтанаттың отбасына қайғырып, көңіл айтамын", - деді Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Еске салайық, 2017 жылы Қуандық Бишімбаевқа қатысты басталған сот процесінде сотта оның бұрынғы әйелі Назым қоғамдық қорғаушысы болды.

Атышулы іс бойынша барлық сот процестеріне Назым өзі қатысты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар