USD
USD
USD

Біржан Нұрымбетов: «Елдегі ең төменгі жалақыны көтеру керек»

Елдегі ең төменгі жалақыны көтеру және ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарау министрлік назарында. 

Біржан Нұрымбетов: «Елдегі ең төменгі жалақыны көтеру керек»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақыны көтерудің әртүрлі жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. 

«Елдегі ең төменгі жалақыны көтеру керек. Қазір оны кезең-кезеңмен арттырудың түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Әзірге, 2023 жылға қарай Қазақстанда ең төменгі жалақы сол кезеңде қалыптасқан орташа жалақының 30%-нан кем болмауы тиіс деген нұсқаны есептеудеміз», - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Нұрымбетов ең төменгі жалақыны өсіру ел экономикасына оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.

«Жеке өз басым ең төменгі жалақыны көтеру шарасынан барлығы ұтатынына сенімдімін. Өйткені ол бюджет шығындары мен қосымша шығыстарға қарамастан, барлық жалақының өсуіне алып келеді. Ең төменгі жалақыны өсіру, бұл, ең алдымен, халықтың төлем қабілеттігі өседі деген сөз. Бұл жалақы шетелге кетпейді, азаматтар елде жұмыс істеп, тауар сатып алады, осылайша қаражат экономикаға, бизнеске қайта оралады», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Нұрымбетов ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарастыру қажет екенін айтты.

«Мемлекеттік статистиканың мәліметінше, былтыр бізде халықтың жан басына шаққандағы табысы номиналды түрде 103 мың теңге болды. Дегенмен, бұл да төмен. Сондықтан министрлік өз алдына бірқатар міндет қойып отыр. Біріншіден, ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарастыру қажет», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.