USD
USD
USD

Биржалық тауарлардың тізімі ұзарды

Қазақстанда биржалық тауарлардың тізімі ұзартылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Биржалық тауарлардың тізімі ұзарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Президент Қазақстан халқына Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіруді тапсырды. Алғашқы қадам ретінде біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр атап өткендей биржаға қатысушылардың санын арттыру мақсатында жеткізу партиясының ең төменгі мөлшері 600-ден 60 тоннаға дейін азайтылған.

«Яғни, біз шағын және орта тауар өндірушілерге өз өнімін биржа арқылы сатуға мүмкіндік беріп отырмыз. Тауар биржасындағы барлық жұмыс сауда-саттыққа қатысушылардың жергілікті және шетелдік деңгейде қатысуын барынша арттыруға бағытталады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге және тауарларға тиісті нарықтық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Бақыт Сұлтанов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер