USD
USD
USD

Біртановтің ісі қайтадан сотқа түсті

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевтің ісі қайтадан елорда сотына түсті. Алдын ала тыңдалым 11 мамырда өтеді.

Біртановтің ісі қайтадан сотқа түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Е. А. Біртанов, О. А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының өндірісіне қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдалым 2022 жылғы 11 мамыр, сағат 10:00-ге белгіленген", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі. Тыңдалым әдеттегідей онлайн-режимде өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін сот Бас прокуратураға Біртановтің қылмыстық ісін бұзушылықтарды жою үшін қайтарып берген болатын. Алайда Бас прокуратура сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді. Дегенмен сот шағымды қанағаттандырмады. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер