USD
USD
USD

Біртановты қызметінен НЕГЕ босатқаны белгілі болды

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған. Е.Біртанов өзін не себепті қызметтен босатқанын айтты.

Біртановты қызметінен НЕГЕ босатқаны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Е.Біртанов Фейсбуктегі парақшасына былай деп жазды: «Құрметті әріптестер және достар, мен бүгін Мемлекет басшысынан өзімді Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрадым. Өкінішке қарай, мен коронавирус жұқтырып алдым, дерт асқынып, өкпем қабынды. Енді қосымша ем қабылдауым керек. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Министрлік және өңірлердегі денсаулық сақтау саласы толыққанды жұмыс істеуі тиіс. Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі иыққа түскен салмақты мойымай көтеретініне сенімдімін. Бұл іске әрқайсысымыз атсалысуымыз керек. Әріптестеріме денсаулық пен табандылық тілеймін!

Қазақстанның денсаулық сақтау саласына өз үлесімді қосуға мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын!».     

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.