Біртанов сатып алынатын вакциналар жайында айтты
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық үшін қандай вакциналар сатып алынып жатқаны туралы айтып берді. Ол бұл туралы 24.kz телеарнасына берген сұхбатында тілге тиек етті.

Алматы, NEGE. «Эпидемия мен індет жұқтыру жағдайында халық инфекцияға қарсы шараларға, профилактикаға айрықша назар аудара бастады. Оның ішінде вакциналау тақырыбы ерекше талқыланды. Вакциналау әлемнің көптеген елдерінде бірқатар инфекцияға қарсы жүргізіледі. Дәрігерлердің пайымынша, бұл міндетті вакциналау өзінің оңтайлы нәтижесін беріп келеді. Біз тек өзінің тиімділігін дәлелдеген вакциналарды сатып аламыз және олар сапа тұрғысынан қатаң қадағалаудан өткен», - деді министр «Хабар24» арнасына берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, пандемия салдарынан емханаларға барғандар саны азайды. «Дегенмен, биылдың бірінші тоқсанында 1 миллионнан астам адам вакцина алды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда біршама төмен, алайда жылына 4 миллионға жуық адамды вакциналаймыз. Бірінші тоқсанда екпеден бас тартқандар саны 700 адамнан аспайды», - дед Е. Біртанов.
Қазір оқып жатыр
Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздығ денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

