USD
USD
USD

Біртанов: Карантин талабын сақтасақ, бұл вирусты жеңеміз

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов барынша тәртіпке бағынып, карантин талабын сақтауға шақырды.

Біртанов: Карантин талабын сақтасақ, бұл вирусты жеңеміз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантин шаралары өте маңызды. Біріншіден, көшеге шықпай, үйде отыруыңыз керек. Қазіргі уақытта көп қалаларда үлкен ғимараттар, дүкендер жабылуда. Барлық жұмысшылар мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Жұмыста инфекция жұқтырудың алдын алу үшін осындай шаралар қолданып отырмыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Екіншіден, көшеге ары кетсе екі адам болып шығуға рұқсат, бірақ кей қалаларда бұл да өте қауіпті. Мүмкіндік болса, осы екі аптада көшеге мүлде шықпаған жөн. «Ауылдық жерде үлкен отбасында тұратындар қарт адамдарды бөлек бөлмеде ұстап, өздеріңіз де бөлек бөлмеде отырғандарыңыз дұрыс. Карантинде өзімізді дұрыс ұстасақ, аталған инфекцияны тоқтатамыз. Екі апта, екі адам, екі метр – осы талаптарды сақтауымыз керек», – деп атап өтті министр.

 

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком