USD
USD
USD

Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады

Белгілі болғандай, елімізде қауіпті індетті 670 адам жұқтырған. Өткен тәулік бойынша жаңа 78 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 13 пайыз болды.

Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE.Тіркелген 78 науқастың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 2 науқас, Алматыда 3 науқас. Өткен тәулік бойынша басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркеліп, өсім 29 пайыз болды. Ең үлкен өсім Қарағанды облысында (16), Ақмола облысында (19), Қызылорда облысында (13), Жамбыл облысында(12) байқалды. «Қазіргі кезде ең үлкен өсім өңірлерде байқалып отыр. Жалпы 6 науқас қайтыс болды. 46 науқас емделіп, шығарылды. Қазір науқастардың 20-сының жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Кеше үш адам жасанды тыныс алу аппаратынан алынып, жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97 пайызы табылып, оқшауланды», - деді Елжан Біртанов.

Қазір оқып жатыр

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам