USD
USD
USD

Біртанов «әулие» екен: Індет жұқтырғандар үш мыңнан асты

«Қазақстанға коронавирус әне жетеді, міне жетеді» деп отырғанда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «дерт жұқтырғандар саны 3,5 мың адамға жетуі мүмкін» деп қалған. Біртанов «әулие» екен...

Біртанов «әулие» екен: Індет жұқтырғандар үш мыңнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің түнгі сағат 22:20-да таратқан мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 3027 адам тіркелді. Ең көбі Алматыда – 919 адам. Одан кейін Астана тұр. 605 адам. Шымкентте – 176. Қалғаны басқа облыстардың үлесінде.

Мойындауымыз керек, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда індеттің таралу қарқыны қатты емес. Алайда баяу деуге де болмайды. Бір алаңдататын нәрсе – дәрігерлердің көптеп вирус жұқтыруы.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп індет жұқтырған дәрігерлердің бәрі бірдей өтемақы ала алмайтынын мәлімдеді. Тек науқастармен тікелей жұмыс істеген дәрігерлерге ғана төленеді. Алдағы уақытта Біртанов үшін бұл да үлкен «бас ауру» болмақ.  

Қазір оқып жатыр

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

Сатыбалды

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Саммит

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Киберқылмыс