USD
USD
USD

Бірнеше өңірде көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашылып, шектеулер алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірнеше өңірде көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бұрынғы енгізілген барлық қозғалыс шектеулері алынып тасталды. Республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз жол жүру қамтамасыз етілген. Өткен түнде жолға мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын септі", - делінген "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының хабарламасында.

Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабылған еді. Соған орай 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді.

Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар