USD
USD
USD

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 күшейеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі.

Түнде және тәңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер