USD
USD
USD

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі 11 өңір аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  28 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

28 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Талдықорғанда да түнде және таңертен тұман түседі, көктайғақ.

28 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын соғады.

28 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстіктен тұман күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

28 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қызылордада уақытта тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

28 желтоқсанда Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Қостанай облысының орталық бөлігінде және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Ал солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанайда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні түнде 15-20 м/с.

28 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 18 м/с.

 

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан