18 Желтоқсан 10:04

Бірнеше минуттық «кедейлік»

Фото:
«Amazon

компаниясының басшысы мультимиллиардер Джефф Безос 16 желтоқсан күні бірнеше минутқа әлемнің ең бай адамы ретінде Forbes тізімінен түсіп қалды», – деп жазды америкалық іскерлік басылым өз рейтінгісіне сүйене отырып.

Алматы, NEGE. Шамамен уақыт 19.00 кезінде Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) компаниялар тобының басшысы Бернар Арно 109,6 млрд АҚШ долларымен Forbes тізімі бойынша алға шыққан. Бұл кезде Безостың қаржылық көрсеткіші 109,5 млрд АҚШ долларын көрсетіп тұрған. Алайда, бірнеше минуттан кейін француз бизнесмені «әлемдегі ең бай адам» тізімінен түсіп қалған.

Әлемдік рынокты ең қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін Bloomberg компаниясының тізімінде Безос пен Арно 110 және 103 млрд долларлық көрсеткішпен екінші және үшінші орындарды иеленіп тұрған көрінеді. Бірінші орында 111 млрд доллармен Microsoft компаниясының иесі Билл Гейтс.

Тегтер: