USD
USD
USD

Бірнеше қабірді қиратқан тұрғын ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Бірнеше қабірді қиратқан тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. Атырауда бірнеше қабірді қиратқан адам ұсталды. Ол Қызылқоға ауданының 43 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады Polisia.kz.

27 қыркүйекте сағат 13.30-да Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылында Мәтен қожа мазарының жанында қасиетті жерге келушілерге арналған үй өртенді. Салдарынан қабір, сарай мен 12 құлпытас бүлінді.

Атырау облысы полиция департаменті және Қызылқоға аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздеу іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні анықтап, ұстады.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 314-бабы «өлген адамның мәйітін және олар жерленген жерлерді қорлау» бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін күдіктінің киелі жерге қарайтын қызметкердің туысы екені хабарланған еді.

Айта кетейік, Мәтен Қожа мазары 1995 жылы салынған. Бұл Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарихи ескерткішіне жатады. Ол Тасшағыл ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі

«Өз күшімен жағаға шыққан»: Маңғыстауда аман қалған матрос туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Путин Еуропаға және тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев