USD
USD
USD

Бірнеше ауыл сусыз қалды

«Астрахан - Маңғыстау» су таратқышындағы апатқа байланысты сол маңдағы елдімекендерге су беру тоқтатылған.

Бірнеше ауыл сусыз қалды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «Магистральды су таратқыш» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Асқар Құлтумиевтің сөзіне сенсек, авария Атырау облысының аумағында, Құлсары ауданы орталығынан 20 шақырым жерде болған. Оқиға орнында 30 адам мен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Апаттың басты себебі – су құбырларының тозуы. Бұл құбыр 1988 жылы салынған, содан бері әбден ескіріп, коррозияға ұшыраған. Екі метр су таратқыш істен шығып қалыпты. Осыған байланысты Атырау және Маңғыстау облысының жақын маңдағы бірнеше елдімекені уақытша судан ажыратылған. Еске сала кетейік, аталған су таратқыштың жалпы ұзындығы – 2 мың шақырым. Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы Қиғаш өзенінен су алынып, осы таратқыш арқылы ауылдарға жеткізілетін.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC