USD
USD
USD

Бірнеше айда 241 тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелген

2020 жылдың наурызынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжан мәлім етті.

Бірнеше айда 241 тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында биылғы 16 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін қанша тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алғаны туралы сұрақ қойылды.

«2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 5 тамызға дейінгі аралықта 241 тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 33-і адамдардың қаза табуымен, яғни өлімімен аяқталды. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне талдауды нақты осы мерзім аралығында жүргізбеген едік. Бірақ біз 16 наурыз бен 31 шілде аралығындағы мәліметтерге салыстырмалы талдау жасаған болатынбыз. Атап айтқанда, 31 шілдеге дейінгі аралықта 237 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімінің аралығымен салыстырғанда, 41,7 пайызға көп», – деді А. Мәтжан тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев