USD
USD
USD

«Біркөлік» шатқалына шыққан екі адам құтқарылды

Түркістан облысында тауға шығып түсе алмай қалған екі адам құтқарылды.

«Біркөлік» шатқалына шыққан екі адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, бүгін таңертең екі жасөспірім Төлеби ауданындағы «Біркөлік» шатқалына демалуға барған. Алайда жартасты биік таудың төбесіне шығып, қайтарда түсе алмай қалған. Амалы таусылған екеу түске қарай құтқару қызметінің «112» нөміріне хабарласып, мән-жайды түсіндірген. Оқиға орнына дереу жеткен құтқаушылар туристерді қауіпсіз жерге түсірді. Қазір екеуінің де дені сау, ешқандай медициналық көмекті қажет етпейді. 

Сәкен Сәбитов, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

– Облыс және қала тұрғындарына таулы аймаққа шыққанда тауға көтерілмеуге, қауіпті жерлер болатын болса, жоғары шықпауға кеңес береміз.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мұғалімді ұрған

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

алаяқтық

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

.

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

ЛРТ