USD
USD
USD

Бірқатар пойыз бағыттары қысқарды

  Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының маршруттары қысқартылды.

Бірқатар пойыз бағыттары қысқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қарашаның 2-сінен бастап «Павлодар-Алматы-2» бағытындағы пойыздың Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай станцияларында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынады. «Алматы-2-Өскемен-1» пойызы бұрынғыдай күн сайын емес, күн аралатып жүретін болады. Сонымен қатар «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы күн сайын емес, аптасына бір рет қатынайды.

«Шығыс Қазақстан облысының барлық станцияларынан түсетін жолаушыларда тапсырылғанына 3 күннен аспаған COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандығын растайтын сынама нәтижесі болуы керек. Осыған дейін пойыз билетін сатып алғандар ақшаларын қайтара алады. Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша біле алады. Тұрғындарға коронавирус пандемиясы кезінде дерттің таралуының алдын алу мақсатында қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

арнайы экономикалық аймақ

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Имам AI

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

банк

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Қарабалиндер отбасы