USD
USD
USD

Бірқатар өңірге ескерту жарияланды

23 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бірқатар өңірге ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады , түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Түнде 23 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. ,

Семей қаласында да күндіз 23 қыркүйекте жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында күндізкей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

23 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, жел соғады.

Күндіз 23 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық