USD
USD
USD

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

24 қаңтарда Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мәлімдеді.

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

 

Маңғыстау облысының батыс мен орталығында секундына 15-20 метр оңтүстік-шығыстан жел соғады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда тұман түседі.

24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. 25-26 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда секундына 15-20 метр солтүстік-шығыстан жел соғады. 24 қаңтарда облыстың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда көктайғақ болады. Таразда 24-26 қаңтарда тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино