USD
USD
USD

Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Еліміздің кейбір өңірінде ауа райы күрт бұзылады. 

Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 28 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с дейін күшейеді. 28 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы 23-28 м/с шамасында болады.

28 қыркүйек күндіз Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында жел қарқыны 15-20 м/с болады. 28 қыркүйек түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі. 28 қыркүйек түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі . Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

28 қыркүйекте Ақмола облысының басым бөлігінде және Көкшетау қаласында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 23 м/с жетеді. 28 қыркүйек түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Облыстың орталығында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. 28 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын жауады (жаңбыр қарға ұласады), күндіз қатты жаңбыр жауады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы