USD
USD
USD

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 желтоқсан күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. О ңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 желтоқсан күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с шамасында.

1 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

1 желтоқсан түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.


 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе