Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
23 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Алматы, NEGE. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай жарқылдап, ауа райы бұзылады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады.
Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте қатты ыстық 36 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 23 шілдеде кей уақытта найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 17 м/с күтіледі. Қостанай облысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстікте 38 градус қатты ыстық сақталады. Атырау облысының батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 18 м/с.
Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: күндіз 23 шілдеде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 23 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің рас болып шығу ықтималдылығы 80-100 %
Қазір оқып жатыр
Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді
Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды
Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады
Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған