USD
USD
USD

Бірқатар лауазым иелері пара алу күдігімен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының маманы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бірқатар лауазым иелері пара алу күдігімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Ресей Федерациясының жеке кәсіпкерінен бұрғылау қондырғысын облыс аумағында кедергісіз тасымалдау және әрі қарай жалпы қамқорлық көрсету үшін 500 мың теңге алды деп айыпталып отыр. Қазір күдікті Петропавл қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қарағанды қаласында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылығы да жүйелі түрде пара алумен айналысты деген күдікке ілінді.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сай, күдіктілер 2019 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың наурызы аралығында жер телімдерін беру және жерге орналастыру жобаларын бекітуде көмек көрсеткен көрінеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.   Шымкент қаласындағы орта мектеп директорларының бірі де пара алды күдікке ілінді. Ол мектеп әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу үшін 40 000 теңге талап еткен көрінеді. Қазір аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Нұрбек, Тоқаев

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

оңалту орталығы