USD
USD
USD

Бірінің басы жарылды: Түрік депутаттары бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (парламент) депутаттар арасында бюджетті талқылау кезінде төбелес болды, деп хабарлайды Sabah басылымы. 

Бірінің басы жарылды: Түрік депутаттары бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «​Бюджет келіссөздерінің екінші күні парламенттің жалпы жиналысында шиеленіс туындады. Депутаттар арасындағы пікірталастың арты төбелеске ұласты», - деп жазды басылым. 

Iyi (Жақсы партия) мүшесі Хусейн Орс төбелес кезінде басынан жарақат алып, ауруханаға түсті. 

Отырысқа төрағалық еткен парламент вице-спикері Хайдар Акар осы даудан кейін отырысты 10 минутқа үзуіне тура келген. 

2021 жылы 8 желтоқсанда Түркия парламентінде биліктегі Әділет және даму партиясы (AKP) мен оппозициялық Республикалық халық партиясы (CHP) депутаттары арасында да төбелес болған еді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ