USD
USD
USD

Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының ипотекалық мөлшерлемесі 2 пайыз болады

 Қазақстанда ипотекалық мөлшерлеме 2 пайыз болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының ипотекалық мөлшерлемесі 2 пайыз болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы» банкінің ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна көлемі баспана құнының 10 пайызына дейін төмендетіледі. Отбасы табысына байланысты жеңілдікті несиелендіру бойынша мөлшерлеме жылдық 2 пайыз және 5 пайыз болады», – деді министр. Оның атап өтуінше, баспана жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы қағидаларға өзгерістер енгізіледі.

Соған сәйкес зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асатын бөлігін үй сатып алу үшін «Отбасы банкінің» шотына аударуға мүмкіндік беріледі. «Құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік- жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізіледі», – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші