USD
USD
USD

Біріктірілген газ-химия кешенінің жобасы аяқталып қалды

2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешені жобасының жалпы қарқыны 66%-ға аяқталған, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ.

Біріктірілген газ-химия кешенінің жобасы аяқталып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі кезде жобаның дайындығы 66%-ды құрайды. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Сыйымдылық және жылу алмастыру жабдығының, металл конструкциялардың және құбырлардың монтажы жүргізілуде», - делінген дүйсенбідегі ҚМГ хабарында.

Алдағы кезеңде күрделі технологиялық жабдықтың құбырларын жинақтау, монтаждау және бекіту жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Еске салсақ, кешенді салып жатқан «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС 2008 жылы құрылған және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіреді, бірақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сенімді басқаруына берілген. Кешен құрылысын аяқтау 2021 жылы жоспарлануда. Жоба жылына 500 мыңға дейін пропилен шығаруға мүмкіндік береді.

 

Қазір оқып жатыр

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем