USD
USD
USD

Бірі пышақ, бірі кетпен сермеді: Алматыда курьер мен ер адам жанжалдасты (видео)

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жанжалдасқан адамдардың бірі пышақпен, екіншісі кетпенмен қаруланғанын көруге болады. Даудың нақты себебі белгісіз.

Бірі пышақ, бірі кетпен сермеді: Алматыда курьер мен ер адам жанжалдасты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні Бостандық аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. 

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 жылы туған азамат ұсталып, пышақ тәркіленді, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қазіргі уақытта оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видео толық емес болғандықтан, кімнің кінәлі екені белгісіз. 

Қазір оқып жатыр

TikTok-тағы уағыз: жастар діни ақпаратты кімнен алып жүр?

ТТ уағыз

Прокуратура Байбектің компаниясының мүддесін қорғады

Бауыржан Байбек

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстан азаматы