USD
USD
USD

Birgemiz: Елордада 9 мың отбасы көмек алды

 «Біз біргеміз!» акциясы аясында 60 мыңнан астам отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Елорданың өзінде 9000 шаңыраққа медициналық бетперде мен азық-түлік және өзге де қажетті өнімдер жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Birgemiz: Елордада 9 мың отбасы көмек алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда, мұндай арнаулы әлеуметтік көмек жалғызілікті қарттарға берілмейді. Сондықтан олар мемлекеттік қолдауға зәру. Карантинде жалғызбасты қарияларға өздерін күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз ету қиын. «JAS OTAN» Жастар қанатының белсенді мүшелері «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында қарияларға бір реттік көмек көрсетті.

«Алдағы уақытта жалғызбасты қариялар қараусыз қалмайды, барлық өтініш қаралады», – деді олар. «Jas otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев: «Мысалы жалғыз басты қарттарымыз бар тізімнен тыс қалатын. Қоғам болып өзіміздің азаматтық позициямызды көрсете білуіміз қажет. Розия апамыздың әлеуметтік желіге кіретін мүмкіндігі, туыстары жоқ. Осы орайда журналистер болып, қоғамдық ұйымдар болып белсене ат салысып азаматтарды табуға, тізімін беріге үлес қосуға шақырамыз. Осындай дүниелер арқылы біз шынымен бірге екенімізді көрсете білуіміз керек» деді.

Бүгінде республика бойынша 3 мыңға жуық волонтер мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатыр. «Birgemiz» қорынан 152 мыңнан астам отбасына 50 мың теңгеден бөлінді.  Сондай-ақ, алдағы уақытта тағы 200 мыңнан астам тұрмысы төмен отбасын қамту жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет