USD
USD
USD

Бір жылға жуық іздеуде болған алаяқ ұсталды

Алматыда бір жылға жуық іздеуде болған алаяқ ұсталды. 

Бір жылға жуық іздеуде болған алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полициясы бір жылға жуық іздеуде болған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысы Талғар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы Б.есімді ер адам ұсталды. Ол өзінің қылмыстық жоспарын 2019 жылы жасады, содан кейін қаскөй өзінің алғашқы құрбандарымен кездесті. – Б.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу үш қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Ал жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Қаскөй алдын ала ойлап тапқан жоспар бойынша “жұмыс істеді”. Ол адамдардың сеніміне кіріп, кепілдікке қойылған көліктерді нарықтық бағадан төмен соммаға сатып алуды ұсынды. Жәбірленушілерге интернеттен алынған көліктердің суреттерін көрсетті. Адамдар “сатып алу” үшін 100% төлем төледі, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Бұрын жас жігіттің заңмен ешқандай мәселесі болмаған. Полиция қызметкерлері бұл адамның қолынан зардап шеккендердің көп екендігіне сенімді. Оның заңсыз әрекеттерінің қайталанғанын ескере отырып, осы адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-775-106-1884; 8-775-774-4441. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы