USD
USD
USD

Бір жылда Қазақстандағы депозиттер көлемі 2,1 трлн теңгеге өсті

Заңды тұлғалардың депозитінде 5,9 трлн теңге (жылына +16%), ал жеке тұлғаларда 11,5 трлн теңге (+12,5%) сақталуда

Бір жылда Қазақстандағы депозиттер көлемі 2,1 трлн теңгеге өсті
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандық банктер 17,5 трлн теңге жинақтады, бұл 2021 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 2,1 трлн теңгеге немесе 13,7%-ға артық.

Өңірлерді алып қарайтын болсақ,  депозитте ең көп ақша жинағандар  Алматы тұрғындары – 7,1 трлн теңге, Нұр-Сұлтан – 3,7 трлн, Қарағанды ​​облысы мен Ұлытау – 888,3 млрд теңге, Шығыс Қазақстан мен Абай – 678,4 млрд теңге, Қостанай – 581 млрд теңгеге жуық және Атырау облысы тұрғындарыс – 565,1 млрд теңге жинаған.

Қазақстандықтар ақша­сын қандай депозиттерде ұстайды? Зерттеуге қарасақ, халық ақшасының негізгі бөлігін дәстүрлі түрде шұғыл депозиттерде сақтайды екен. Оның көлемі қазіргі есеппен – 9,71 трлн теңге. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 1 қаңтарында 9,93 трлн теңге болған.

Көлемі бойынша келесі орында талап етуге дейінгі депозиттер мен ағымдағы шоттар тұр. Оның көлемі – 2,28 трлн теңге және жинақтаушы депозиттер – 1 трлн теңгеден асады. Алайда шартты депозиттердегі ақша 9,7 пайызға, 4,5 млрд теңгеден 4,06 млрд теңгеге төмендеген.

Азаматтардың көбі салымын теңгемен сақтағанды жөн көреді екен. Қазіргі кезде 8,3 трлн теңгеден астам қаржы – ұлттық валютамен, 4,7 трлн теңге шамасында шетел валютасымен сақтаулы тұр. Соң­ғы уақыттары Қазақстанда тең­гелей депозиттер бойынша ставка ұлғайды. Бұл базалық мөлшерлеменің 13,5-тен 14 пайызға дейін жоғарылауымен байланысты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

.

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

.

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.