USD
USD
USD

Бір жылда 4500 мың қызметтік көлік сатып алынған 

Былтыр елімізде мемлекеттік мекемелер 4,5 мың қызметтік көлік сатып алған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұның ішінде тек жеңіл көлікке жұмсалған қаражат 15 миллиард теңгеге жетеді.

Бір жылда 4500 мың қызметтік көлік сатып алынған 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша қызметтік көлік сатып алуға мораторий жарияланған. Соған қарамастан, талап кейде орындалмай жатады. Пандемия кезінде бірқатар облыстың жауапты тұлғалары су жаңа темір тұлпар мінуден тартынбаған. «Қазір мораторийді бұзғандарға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр», - деді жауапты ведомство өкілі. Жалпы елімізде қызметтік көлікті ең алдымен Ішкі істер органдары мен жергілікті Полиция департаменттері сатып алады. Сәбит Ахметов, ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры: - Сатып алынатын көлік бағасы 4 миллион 600 мың теңге шамасында болуы тиіс және ол отандық өндірушіге тиесілі болуы шарт. Пандемия кезінде кей әкімдіктер мораторийді бұзып, қызметтік көлік алғаны анықталды. Олар бойынша тексеру жүріп жатыр. Дегенмен, елде қызметтік көлік сатып алу көлемі 3 есе төмендеген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай