USD
USD
USD

Бір жасар бала ескі құдыққа құлап, қаза болды

Қостанай облысында кішкентай бала жекеменшік үй ауласындағы ескі құдыққа құлап, қаза болды , - деп хабарлайды alau.kz.

Бір жасар бала ескі құдыққа құлап, қаза болды
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. Оқиға Федоров ауданы Костряковка ауылында болған. 24 мамырда "102" пультіне Федоров ауданының учаскелік полиция инспекторынан жекеменшік үй ауласында 1 жас 7 айлық бала құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Қараусыз қалған бала ойнап жүріп құдыққа түсіп кеткен. Оны әкесі тауып алған. Бірақ баланы құтқару мүмкін болмады. Полиция баспасөз қызметі портал тілшілеріне оқиғаны растап, ақпарат берген.

"Бала толық отбасынан шыққан, ешқандай есепте тұрмайды. Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Қайғылы оқиға кезінде олар (ата-анасы) шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүрген", - деді полиция баспасөз қызметі өкіледі.

Қазір оқып жатыр

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров