USD
USD
USD

«Бір толқында»: AMANAT партиясы ауқымды концерт ұйымдастырды

Павлодар қаласындағы Batyr Mall ойын-сауық орталғында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Бір толқында» концерті өтті. Мұндағы мақсат – «AMANAT» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлерді қолдау.

 «Бір толқында»: AMANAT партиясы ауқымды концерт ұйымдастырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға танымал орындаушылар – Садраддин, Ринат Мальцагов, рэпер Аман Тойлат және «Адай», «Samiyan» тобы қатысып, өз өнерін көрсетті.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко барша үміткерге сәттілік тіледі.

«AMANАT» партиясы – жаңару партиясы, бұл көпшіліктің қолдауына ие боғлан нақты істер партиясы. Біздің сайлауалды бағдарламамыз халықтың ұсыныс-пікірі негізінде әзірленді. Партия тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды, мәселелерін шешуді көздейді. Біздің алға қойған нақты жоспарымыз бар. Сондықтан, сіздерді 19 наурыз күні өз сайлау учаскелеріңізге келіп, «AMANAT» партиясы үшін беруге шақырамын», – деді Илья Теренченко.

Сонымен қатар, кандидаттар сахнаға шығып, өздерін және сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.

«19 наурыз – еліміз үшін ерекше тарихи сәт. Сол күні барлықтарыңызды сайлауға қатысуға және өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Себебі, Әділетті Қазақстанды сіз бен біз бірге құруымыз керек. Ендеше, нағыз істің партиясы, нағыз халықтың жанашыры болған «AMANАT» партиясына және Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде ұсынылған маған дауыс беруге шақырамын», – деді ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Амантай Жарқынбек.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.