USD
USD
USD

Бір тәулікте вирус жұқтырған 6275 адам анықталды

Израильде өткен тәулікте 6275 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Бір тәулікте вирус жұқтырған 6275 адам анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы сейсенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл 2021 жылдың ақпанымен салыстырғанда ең жоғары тәуліктік көрсеткіш және елде «дельта» штаммы пайда болғалы жаңа антирекорд.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 35466 адам ковидпен ауырып жатыр. 394 науқас ауыр халде, 64 адам өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған.

Изариль тұрғындары өткен жылдың 20 желтоқсанынан бастап америкалық Pfizer компаниясының вакцинасын салдырып келеді. Израиль денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, қазіргі уақытта 5,8 млн израиль бірінші дозасын алған, 5,4 млн адам – екінші дозаны ектірген. Бұл сәйкесінше тұрғындардың 63% және 58%-ын (9,3 млн) құрайды.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев