USD
USD
USD

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 10 адам қайтыс болды. Бұл турлы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен тәулікте 10 пациент коронавирус инфекциясынан, 20 пациент пневмониядан қайтыс болды. Статистика толыққанды жарияланып келеді. Қазір біз біріккен статистикаға көштік, яғни симптомды әрі симптомсыз адамдар бірге көрсетіледі. Бұл, өз кезегінде еліміздегі нақты жағдайды түсіну үшін керек. Коронавирусқа шалдыққан әр адам індетті басқаларына жұқтыруы мүмкін. Біздің мақсат - қалыптасқан жағдайға дұрыс баға беру», - деді А. Цой.

 Оның сөзіне қарағанда, пневмония жағдайларына тиісті мониторинг жасалуда. «Біз пневмония жағдайына мониторинг жүргізудеміз. Соңғы тәулікте еліміз бойынша 1 247 осындай жағдай анықталды. Сәйкесінше, оларға қатысты тиісті терапияны қамтамасыз етудеміз», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев