USD
USD
USD

Бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 141 адам тіркелді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында Қазақстандағы коронавирус инфекциясы ахуалын баяндады, деп хабарлайды. 

Бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 141 адам тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күнде жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырған 1852 науқас тіркелді. Олардың ең көп саны Алматы қаласында - 606, Нұр-Сұлтанда - 368, Қызылорда облысында - 149. Өткенде тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі - 8,2 пайыз құрады», - деді министр Үкіметтің онлайн отырысында. Оның айтуынша, өткен тәулікте де ең көп науқас Алматы қаласында (82 науқас) және Шымкент қаласында (23) тіркелді.

«Алматы қаласында 82 науқастың 78-і жоспарланған скриниг тест нәтижесінде анықталды. Олардың 60-ы - орталық клиникалық аурухана ішіндегі науқастар мен медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласында тіркелген 23 науқастың 16-сы - скриниг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалған науқастар - емделіп жатқан пациенттер және қарым-қатынас арқылы карантинде жатқан азаматтар», - деді Е. Біртанов. Жалпы өткен тәулік бойынша 19 науқас қайтыс болып, 447 науқас емделіп шығарылды. «Қазіргі уақытта 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. Жалпы орташа жағдай бойынша - 258, нашар жағдай бойынша - 32, қалған 1096 науқас жағдайы - бірқалыпты», - деді Елжан Біртанов. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.