USD
USD
USD

Бір тәулікте 5 мың адам коронавирус жұқтырды

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1380-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір тәулікте 5 мың адам коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 13 ақпан сағат 24:00 бойынша 31 провинцияда (автономды аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) 55 748 коронавирус жұқтырған адам тіркелді (10 204-і ауыр түрі деп бағаланды), олардың 6723-і сауығып, 1380-і көз жұмған (деректер Хубэй провинциясы бойынша қайталанғандықтан 108-ге қысқарды).

Өткен тәулікте тағы 5090 адам коронавирус жұқтырып, 121-і мерт болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 63 851-ге жетті (Хубэй провинциясы бойынша 1043-ке қысқартылды).

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған 177 984 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев