USD
USD
USD

Бір тәулік ішінде елордадан 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Соңғы күндері елордада қар көп жауды, тек өткен күннің өзінде бұл көрсеткіш айлық жауын-шашын мөлшерін құрады.

Бір тәулік ішінде елордадан 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық коммуналдық қызметтер көшелерді, алаңдар мен тротуарларды тазалай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 26 қарашада елордада қар жинау жұмыстарына 1 800-ден астам жол жұмысшысы шықты. Қарды тазалау мен шығаруға 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде қаладан қар полигондарына 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Айта кету керек, қысқы кезеңнің басынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ қар жинау бағыттарын түзетумен екі ауысымда күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т. б. қардан тазартылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй