USD
USD
USD

Бір орталықта 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкер індет жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы Балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінен коронавирус табылды, деп хабарлады

 Бір орталықта 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкер індет жұқтырған
Фото: NEGE.kz

осы мекеменің Instagram парақшасы.

Алматы, NEGE. Орталық директоры Шолпан Мақашева 2 шілдеде қызметіне кіріскенін хабарлады. Сонымен қатар, ол 28 маусымда мекемеде тәрбиеленушілер арасында 2 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін айтты. Олар орталық сыртына сапарлап келгеннен кейін карантинде жатыр. «Бірі – ата-анасының жанында демалыста болды, екіншісі – Өскемен қаласындағы психикалық денсаулық орталығынан келді. Талдау вирус бар екенін анықтағаннан кейін балалар аудандық ауруханаға жіберіліп, жазылып шықты. Қазір орталықтың арнайы оқшауланған бөлмесінде жатыр. Коронавирус анықталған соң орталық жетекшісінің бұйрығымен 2 шілдеден бастап карантин күшейтілді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қаржы бөліп, барлық тәрбиеленуші мен қызметкерлер COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды. Талдау нәтижесі 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкердің вирус жұқтырғанын көрсетті», - деп мәлімдеді Ш.Мақашева.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов