Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бір өңірде 16 оқушыдан коронавирус табылды

15 мен 30 наурыз аралығында Маңғыстау обылсы бойынша мектеп оқушыларының арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай, мұғалімдер арасында 6 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір өңірде 16 оқушыдан коронавирус табылды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық- эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, мектеп оқушылары арасында Ақтау қаласы бойынша №13, 20, 6, 12, 21, 23, 5, 6, 15 мектепте және Назарбаев зияткерлік мектебінде, Мұнайлы ауданы бойынша Қызылтөбе лицейінен 2 жағдай анықталды. Оның ішінде 9 оқушы - оффлайн, 7-еуі - онлайн режимде оқиды.

«Анықталған 16 оқушының 15-і үйдегі қарым-қатынас арқылы, 1 оқушы жедел отаға дайындық барысында анықталып отыр. Ауырған оқушылардың барлығының шағымы жоқ. Қазіргі уақытта 16 оқушының сыныптары үй карантиніне алынды»,-деді Ғазиз Надуев.

Бұдан бөлек Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы эпидемиологиялық ахуалдың қазіргі деңгейіне тоқталды.

«Инфекция жұқтырғандардың 65% тығыз қарым-қатынаста болған ошақта байқалып отыр. Бұл дегеніміз - адамдар эпидемия ошағында сақтық шараларын қадағаламай, ауырып жатыр деген сөз. Қазіргі уақытта аурудың салыстырмалы көрсеткіші Ақтау қаласында өсім беріп отыр. Аудандардың ішінде ең төмен көрсеткіш Бейнеу мен Қарақия ауданында болып отыр»,-деді Ғазиз Надуев.

Маңғыстау облысында соңғы репродуктивті көрсеткіш - 0,77.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті