USD
USD
USD

Бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалаған

Қапшағайда білім бөлімі бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалапты. 1 дана кітап – 46 миллион теңге. Райымбек аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алуларда осындай баға көрсеткен.

Бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал Қапшағай қаласының білім бөлімі одан зорғы бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалаған. Өрескел заң бұзушылықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматылық департаменті анықтады.  Айтуларынша, жалпы бір кітаптың нақты бағасы 1850 теңгені құрайды. Осылайша тексерістер барысында 761 миллион теңге қаржы үнемделді дейді олар. 

Мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны асыра көтеру деректері медицина мекемелерінде де белең алғаны анықталды. Мәселен, Іле аудандық емханасы 1 келі ақжелкен үшін 1350 теңге баға белгілесе, Алматы облыстық медициналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығы ірімшіктің әр келісін 5 мың теңгеден сатып алмақшы болған. Аталған екі жағдай бойынша тергеу басталды. ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев: «Бұл біздің департамент пен ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп отырып атқарған жұмыс. Бір кітапты 76 млн теңгеге сатып алу енді адамның басына кіріп шықпайды ғой. Сол себепті базаның өзі тиісті сигнал беріп тұрады, хат жолданады. Болашақта бұл бағытта да жұмыстар тоқтатылмайды. Қазіргі кезде республика деңгейінде Алматы облысының көрсеткіші өте жоғары деңгейде», –  деді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон