USD
USD
USD

Бір миллион теңге пара алған Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Ол Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Бір миллион теңге пара алған Мәдениет басқармасының басшысы сотталды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  Спикердің сөзінше, мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмыстардың дені мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру және құрылыс секторында жүзеге асырылады.

"Мәселен, Қызылорда облысында Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған Мәдениет басқармасының басшысы Әбуова сотталды. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Балықбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді спикер. 

Ол жолдар мен су өткізгіш құбырларды жөндеуге мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын жасағаны үшін кәсіпкерден 1,8 млн теңге көлемінде 10% қайтарымсыз сыйақы алған.

"Өткен жылы агенттік Атырауда құны 145 млн теңге болатын Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасау және орнату туралы келісім жасағаны үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованы әшкерелеген болатын", – деген Ұлан Сарқұлов мұндай мысалдар өте көп екенін жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді