USD
USD
USD

Бір күнде санитарлық норманы бұзған 15 нысан жабылды

 Елордада бір күнде санитарлық норманы бұзған 15 нысан жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Бір күнде санитарлық норманы бұзған 15 нысан жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер, эпидемиологтар және әкімдік қызметкерлері бірлесіп қызметі істеуге рұқсат берілген нысандарда санитарлық норманың сақталуына қатысты күнделікті рейд жүргізеді. Бір тәулік ішінде қорғаныс құралының болмауы, орталықтандырылған тасымалдау және дезинфекция жүргізу секілді санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 15 нысанның қызметі тоқтатылды.

Олардың қатарында құрылыс компаниясыы, қонақ үй мен мейрамхана бар. Дегенмен, елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауда. Жұмыс тәртібі (тамақ тасымалдаудан басқа): таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін. Қызметкерлерді жұмысқа дейін және үйге қызметтік көлік жеткізеді. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен және т.б. қамтамасыз етілген. Ауысым басында барлығы санитарлық өңдеуден өтеді. «Бұл қалада қалған адамдар. 50%-дан астамы аудандарға кетті.

Жұмысқа жақын жерде тұратын қызметкерлер таңдап алынды. Әр таңертең сайын сағат 9-ға дейін және кешкі 18-ден кейін тепловизор арқылы ЖРВИ белгісінің бар-жоғы тексеріледі. Штатымызға тексеруді жүзеге асыратын медицина қызметкерін қабылдадық. Сондай-ақ кіреберісте контролер әрбір клиентті тепловизормен тексереді», - дейді «Мегастрой» құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова.

Гипермаркетке кіре берісте арнайы белгі жасалды, барлық санитарлық нормаларды сақтауға ыңғайлы болу үшін адамдар арасында қашықтық – екі метр. «Сатып алушылар кезекпен кіреді. Бізде жеті касса жұмыс істейді, біз кассада 2-3 клиент болмауын қадағалаймыз. Сонымен қатар дәліз толығымен дезинфекциялау құралымен өңделген. Зал бойынша санитайзерлер орнатылды. Клиенттер дүкенге тек маскамен кіреді, - деді  Оксана Сухорукова.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет