Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бір күнде елімізде 3 бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен

Кеше елімізде 3 бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен.

Бір күнде елімізде 3 бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2 қыркүйекте елімізде балалардың терезеден құлауына қатысты 3 оқыс оқиға тіркелді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Ж.Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала құлап кетті. Ол ауруханада көз жұмды. Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 3 жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының Қалқаман ауылында төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы терезесінен 4 жастағы бала құлап кетті. Ол да түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада. Құтқарушылардың айтуынша, оқыс жағдайға ата-анасының баланы қараусыз қалдыру немесе қасындағы ересектердің салғырт қарауы себепші болады. Сондай-ақ көбінесе бұл күндізгі уақытта болады. Төтенше жағдайлар комитеті осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарды кішкене баланы жалғыз қалдырмауға; құлап кетуден қорғауға арналмаған маса торына (москит) сенбеуге, терезе ашқанда баланы назардан тыс қалдырмауға шақырады. Сонымен қатар, баланың терезе алдына шығып кетпеуі үшін жиһаз бен төсекті терезеден алысырақ қою керек.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.