Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бір күнде 22 мас жүргізуші ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде мас күйде рульге отырған 22 жүргізуші ұсталды. 

Бір күнде 22 мас жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде жол ережелерін бұзудың 1380 фактісі анықталды. Оның ішінде қоғамдық көліктің 19 жүргізушісі ереже бұзған. «Мас күйде көлік тізгіндеген 22 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ қарсы жолаққа шығып кеткен 10 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бекітілген жылдамдықты асырғаны үшін 93, маневр жасау ережелерін бұзған 101, қауіпсіздік белдігін тақпаған 228, көлік тізгінінде телефон пайдаланған 163 және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылса да рульге отырған 37 жүргізуші тіркелген», - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев. Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны 264 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев