USD
USD
USD

Бір дүкенге 6 рет ұрлық жасаған адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары бір сауда үйінде 6 рет ұрлық жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір дүкенге 6 рет ұрлық жасаған адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Полиция департаментіне сауда үйлердің біріндегі бірнеше сатушыдан арыз түскен. Тәртіп сақшылары тауарлар мен жеке заттардың ұрлығына қатысты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 53 жастағы елорда тұрғынын ұстады. «Тергеу барысында анықталғандай, күдікті араға бірнеше күн салып бір сауда үйінен 6 рет ұрлық жасаған. Ол сауда үйінде бутикке клиенттер кірген кезде сатушының соған қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланып, «HUAWEI» маркалы телефонын ұрлап кеткен. Алайда ұрлық фактісі бутиктегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам оған дейін де ұрлық жасаған», - делінген хабарламада. Күдікті осылайша ұялы телефон, төсек жапқышты, тағы басқа тауарды ұрлап үлгерген. Жартысын сатып жіберген. Сатушыларға 500 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай