USD
USD
USD

Бір әжетхана – 60 мың доллар

Жолдар бойына құны 60 мың доллар тұратын дәретхана салынады деген жаңалық әлеуметтік желі қолданушылардың наразылығын туғызды. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы барлық аймаққа 304 дәретхана орнатпақ.

Бір әжетхана – 60 мың доллар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық компания мәлімдеуінше, дәретхана инвесторлар есебінен салынады. Ал оны ұстап тұру мемлекет есебінен болмақ. «Дәретхана құрылысына мемлекеттен бір тиын да бөлінбейді. Бәрі инвестор есебінен. Біз мұны бес жыл бойы жоспарладық», – деді «ҚазАвтожол» компаниясының басқарма басшысы Талғат Смағұлов. Ал дәретхананы ұстап тұруға айына шамамен бір млн теңге жұмсалады екен. Инвесторларға байқау нәтижесінде дәретханаларға қызмет көрсететін компаниялар анықталмақ. Әзірге заманауи дәретхана елдің солтүстік бөлігіне салынған. Ұлттық компания мәлімдеуінше, 2022 жылға дейін 304 дәретхана салынуы тиіс. Қараша айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауға барған сапарында қызмет көрсету деңгейін сынға алған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy