USD
USD
USD

Бір аптадан соң Алматы - Сиань рейсі іске қосылады

Қытайдың China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы мен Сиань арасында әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Бір аптадан соң Алматы - Сиань рейсі іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп қытай тарапының жиіліктер саны мен тағайындалған пункттері бойынша шектеулерін ескере отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін ұлғайту мәселесін пысықтады.

Биыл 23 желтоқсаннан бастап China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы - Сиань бағыты бойынша жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Б-738 үлгісіндегі әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық