USD
USD
USD

Биологиялық белсенді қоспаларды көп пайдалану коронавирустың асқынуына әкеледі

Коронавирусқа тән ерекшеліктердің бірі тромбтардың пайда болуы.

Биологиялық белсенді қоспаларды көп пайдалану коронавирустың асқынуына әкеледі
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Бірақ тромбқа қарсы препараттарды науқастардың бәріне бірдей қабылдауға болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоғары санаттағы дәрігер Раушан Қарабаева мәлімдеді.

«Өкінішке орай, қанның ұю жүйесіне зертханалық бақылау жүргізбей, асқазан-ішек жолына, бассүйекішілік қан кету, бүйрекке, бауырға тиетін жанама әсерлерді бағалаусыз, адамдар үй жағдайында антикоагулянттарды өз бетінше инъекциялық жолмен қабылдап жатыр. Бұл препараттарды бақылаусыз қабылдау әсіресе, қан қысымы жоғары, бүйрек қызметі төмен егде жастағы адамдар үшін аса қауіпті», - деді дәрігер.

Бұл ретте маман «ауыр» препараттарды қолданбай, дәрілік заттарды дұрыс қабылдауға және асқынулар орын алған жағдайда дәрігермен кеңесуге үндейді.

«Дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды көп мөлшерде қабылдау күтпеген нәтижеге әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ілеспелі аурулары бар науқастар емдеу барысын базистік препараттармен тоқтатпауы керек, өйткені созылмалы аурудың өршуі немесе қалпына келмеуі коронавирустың асқынуына әкеледі», - деп ескертті Қарабаева.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы